Құрметті Қарағандылықтар!

Құрметті Қарағандылықтар!

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 1986 жылдан бастап 2010 жылға дейін ЖАО-да тұрғын үйге мұқтаждар есебінде кезекте тұрғандар үшін «Шаңырақ» немесе «5-10-20» деп аталатын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жаңа бағытын пилоттық режимде іске асыруды бастады.

2020 жылы «Шаңырақ» пилоттық жобасын іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 210 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. 90 миллиард теңге көлеміндегі қаражаттың бірінші бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жіберілді.

Осы бюджет аясында шамамен жеті-сегіз мың қазақстандық отбасын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жылдық 5% - бен қарыз алу үшін Бағдарламаға қатысушы әкімдікте кезекте тұруы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі өз шотында қарыз сомасының 10% - ы мөлшерінде ең төменгі бастапқы жарнасы болуы қажет. Несие беру мерзімі 20 жылға дейін.

1986 жылдан 2010 жылға дейін жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған қазақстандықтар «Шаңырақ» жобасы аясында жеңілдікпен несие алуға үміткер бола алады.

 

Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, банкте «Шаңырақ» жобасы аясында несие беру үшін қаражат болған жағдайда, екінші кезеңге қатысу үшін одан кейінгі жылдардан бастап кезекте тұрғандар шақырылуы мүмкін.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішінде еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есептемегенде) отбасылық табыстың болуы талап етіледі. Отбасының бір мүшесіне шаққандағы табыс мөлшері 101 271 теңгеден аспауы тиіс.

Осы бағдарлама бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықта ғана сатып алуға болады.

 

Әкімдіктерде кезекте тұрғандардан Бағдарламаға қатысу және төлем қабілеттілігін бағалау үшін өтініштер тек hcsbk.kz сайты арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттерінен де, ТҚЖБ клиенті болып табылмайтындардан да қабылданады. Өтініш беру мерзімі-2020 жылғы 17 тамыздан 16 қыркүйекке дейін.