Орталық саябағындағы бас сахнада Аналар күніне арналған «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік концерт өтті
11 мамыр күні сағат 12:00-де қаламыздың Орталық саябағындағы бас сахнада Аналар күніне арналған «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік концерт өтті.
Жылы да шынайы атмосферада өткен іс-шараға қаланың тұрғындары мен қонақтары жиналып, өздерінің ең қымбат, ең ардақты жандары – аналарға деген махаббаттары мен алғыстарын білдірді. Сахна төрінде қаламыздың талантты өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Олар ана махаббатына арналған жүрек тебірентер әндер орындап, мәнерлеп өлең оқып, әсем би нөмірлерін ұсынды.
Мерекелік бағдарлама аналардың шексіз мейірімі, сабыры мен даналығы жайлы тағы бір еске салып, отбасы құндылықтарының маңызын айқындай түсті. Концерт барлық аналарға деген сүйіспеншілік пен құрметтің айғағы болды.
Ұйымдастырушылар концертке қатысқан барлық өнерпаздарға алғыс айтып, әрбір күн аналар үшін қуаныш пен құрметке толы болсын деген тілек білдірді.