
Жиналысқа мемлекеттік бағдарламалардың облыстық және қалалық әкімшілері, сондай-ақ, Қарағанды қаласында жобаларды іске асыратын мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында жобалардың іске асырылу барысы, жұмыс орындарын құру, жұмыс іздепжүрген адамдарды жұмысқа орналастыру, міндетті зейнетақы жарналарын аудару және қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселелері қаралды, сондай-ақ, проблемалық мәселелер талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша әкімшілерге жобаларды іске асыру барысында жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарын құру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау, сондай-ақ, жұмыс берушілермен міндетті зейнетақы жарналарын аудару және қызметкерлермен электрондық еңбек шарттарын жасасу мәселелерін пысықтау тапсырылды.