Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысу бойынша жұмыс берушілерге арналған жадынама

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысу бойынша жұмыс берушілерге арналған жадынама

Арнайы жұмыс орындары – бұл жұмыс берушілер тарапынан мүгедектігі бар адамдардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін (көру, есту қабілетінің бұзылуы, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы) ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы құрылатын және (немесе) жабдықталатын жұмыс орындары.

 

Бағдарламаға қатыса алады:

меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілер;
жеке кәсіпкерлер;
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

 

Қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі?

1. Жұмыс орнын құру және жабдықтау шығындарын субсидиялау

Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің мүгедектігі бар қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жабдықтарды сатып алу және жұмыс орнын жарақтандыру бойынша шығындарын өтейді.

 

2. Еңбекақыны субсидиялау

Шарт негізінде мемлекет мүгедектігі бар жұмысқа орналасқан тұлғаның еңбекақысының бір бөлігін ай сайын субсидиялайды:

алғашқы 12 айда — еңбекақының 70 %, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
13 айдан 24 айға дейін — 65 %, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
25 айдан 36 айға дейін — 60 %, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

 

Жұмыс берушінің қатысу тәртібі

1. Мансап орталығына жүгініп, арнайы жұмыс орнын құруға өтінім беру.
2. Шығындар сметасын толтырып, Еңбек мобильділігі орталығынан келісім алу.
3. Бекітілген шығындар сметасына сәйкес арнайы жұмыс орнын құру және растайтын құжаттарды ұсыну.
4. Еңбекақыны субсидиялау туралы Еңбек мобильділігі орталығымен 3 жыл мерзімге шарт жасасу.
5. Мүгедектігі бар адаммен еңбек шартын жасау.
6. Ай сайын арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған тұлғалар бойынша мәліметтерді (табель) Еңбек мобильділігі орталығына ұсыну.
7. Субсидияларды белгіленген тәртіппен алу.

 

Қосымша сұрақтар бойынша тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығына жүгінуге болады.

Инстаграм: emo_karagandy_obl

Контакты: сall-центр 8-7212-60-50-50; whatsapp 8-775-644-35-80