2026 жылғы 5 ақпанда «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

2026 жылғы 5 ақпанда «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

2026 жылғы 5 ақпанда «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қарағанды қаласының мансап орталығы мамандарының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Акцияға жұмыс іздеп жүрген азаматтардың барлық санаттары, соның ішінде жастар, көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және т. б. қатысты. 

Іс-шараны өткізу барысында жұмыссыз халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шаралары, оның ішінде мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру және квота шеңберінде белгіленген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша түсініктемелер берілді.

Іс-шарадан кейін ниет білдірген азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласындағы қызықтырған мәселелер бойынша жеке консультациялар берілді.