Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді

2025 жылдың 28 қарашасында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Д.С.Жиенбаевтың төрағалығымен және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Аталған комиссия отырысына Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің, Қарағанды қаласының мемлекеттік кірістер басқармаларының, Қарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығының өкілдері, кәсіпорындар мен кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты.  

 Отырыста Қарағанды қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарындағы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі, Қарағанды қаласының кәсіпорындарында қызметкерлерді босату жағдайы, Қарағанды қаласының кәсіпорындарында міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша берешекті өтеу туралы мәселелер қаралды.  

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге өндірістік жарақаттануды азайтуға, босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша берешектерді өтеуге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.