2025 жылғы 19 тамызда Қарағанды қаласындағы «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, «Qamqor Plus» мүгедектер қоғамдық бірлестігі базасында Қарағанды қаласының әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары - Талипова Бахытнур Хайруллиновнамен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: «Әлеуметтік көмек көрсетудің скорингтік моделі»
Іс-шара аясында әлеуметтік көмек көрсету жүйесіне скорингтік модельді енгізудің негізгі қағидаттары қарастырылды. Қатысушылар бұл тәсіл қажеттілік деңгейін дәлірек анықтауға және қолдау көрсетуге жеке көзқарасты қалыптастыруға қалай мүмкіндік беретінін талқылады.