1 маусым балаларды қорғау күніне арналған 10 күндік барысында,«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен 22 мамыр күні «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті. Шараның мақсаты: мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде мемлекеттің балалық шақ мәселелеріне басым көзқарасы туралы қоғамдық хабардарлықты қалыптастыру. Шарада балаларға араналған арнайы концерттік бағдармалар болды.
Тегін балмұздақтар мен сыйлықтар тарту етілді. Балалар керемет көңіл күйге бөленіп, ерекше алғыстарын білдірді!
Осы іс шараға білім денсаулық сақтау, төтенше жағдай басқармалардың өкілдері, полиция қызметкерлері, мансап орталығының өкілдері, психологиялық көмек көрсету орталығының мамандары қала тұрғындарын қабылдады.