Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік қызметтер порталы

https://aleumet.egov.kz/ әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - портал) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйелердің бөлігі және мүгедектігі бар тұлғаларға тікелей жабдықтаушылардан оңалту құралдар мен қызметтерін өз еркімен сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Әлеуметтік қызметтер порталының мақсаты – мүгедек тұлғаларды тікелей жабдықтаушылармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.

Портал 5 процесті цифрландыруды болжайды, бұлар:

  1. арнаулы әлеуметтік қызметтерін көрсету;
  2. оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;
  3. ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну;
  4. жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну;
  5. санаторийлық-курорттық емдеу қызметін көрсету.

Мемлекет жағынан техникалық оңалту құралдары мен қызметтерінің құнын өтеу тетігі қарастырылады. Портал тұтынушысы қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде үстеме төлеу мүмкіндігі қосымша қарастырылады.

Портал мүгедек тұлғалар үшін көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Порталда тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жабдықтаушы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар және олардың филиалдары бола алады.

Порталда тіркеле алатын жабдықтаушылар:

  1. салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқтар;
  2. банкроттыққа немесе таратылған белгілеріне жатпайтындар;
  3. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізілмегендер;
  4. міндетті сертификаттауға жататын, тауарларды жеткізуге сай сертификаттың болуы;
  5. медициналық бұйымдарды жеткізуге тіркеу туралы куәліктің болуы;
  6. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді іске асыруға арналған бағасын ұсынығандар.

Жабдықтаушы порталда тіркеуден келесі жағдайларда шығарылады:

  1. тіркеуден шығару туралы өтініш бергенде;
  2. бизнестің тоқтатылғанында немесе жабдықтаушының қайтыс болғанда;
  3. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізілгенде;
  4. әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзіне алынған міндеттемелерін орындамаған және (немесе) ойдағыдай орындамаған жағдайда.

Қызмет алушылар порталды өз еркімен немесе басқарма немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

Порталды жетілдіру ОТҚ мен қызметтерді ұсыну сапасын арттырады, оларды алудың мерзімі мен мекен-жайлығын қысқартады, ОТҚ мен қызметтердің нақты қажеттілігін анықтайды.

Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы бойынша бейне нұсқаулық https://www.youtube.com/channel/UC3R_JMK1W3dWyzC54rlZpw сілтеме бойынша

Барлық қажетті кеңестерді телефон арқылы алуға болады:

ЕЖХӘҚ бірегей колл-орталығы 1411

«Жанұя» отбасын қолдау орталығы, колл-орталығы 27-86-49

@zhanuya.nursultan

8-705-645-06-71     8-705-645-06-53

8-705-645-06-92     8-705-645-06-38

55-69-90, 55-68-22, 55-68-34

Порталдың әкімшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады, сүйемелдеуді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жүзеге асырады.

Порталды пайдаланушылары үшін 1414 нөмірі бойынша call-орталығы жұмыс істейді.

 

 

Дата публикации
04 января 2022
Дата обновления
18 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 июля 2025
Әлеуметтік әріптестік
17 июля 2025
"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызметі
14 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы