Назар аударыңыз! Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мерзімі осы жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұзартылды!

Назар аударыңыз! Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мерзімі осы жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұзартылды!

Назар аударыңыз! Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мерзімі осы жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұзартылды!

Құрметті қала тұрғындары – шаруа қожалықтарының өкілдері, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер!

Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 1 тамызда басталған Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 20 қыркүйекке дейін ұзартылды.
Санаққа қатысу міндетті, егер сіздің тіркеу құжаттарыңызда ауыл шаруашылығына қатысты ЭҚЖК (ОКЭД) көрсетілген болса — тіпті қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асырмасаңыз да.

Міндетті санаққа жататын қызмет түрлері:
«өсімдік шаруашылығы», «мал шаруашылығы», «құс шаруашылығы», «басқа жануарларды өсіру», «өнімді өңдеу» және ауыл шаруашылығына жататын басқа да ЭҚЖК-тер.

Санақтан sanaq.gov.kz порталы арқылы онлайн өтуге болады.
Сіздің ыңғайыңыз үшін оқу бейнебаяны мен қала және аудан әкімдіктерінде өздігінен толтыру бұрыштары ұйымдастырылған.

Егер сіз ауыл шаруашылығы қызметімен айналыспайтын болсаңыз, санақтан кейін салық органына жүгініп, ауыл шаруашылығына қатысты ЭҚЖК-ті алып тастауға немесе ЖК-ні жабуға өтініш бере аласыз.

Санақтан 20 қыркүйекке дейін өту қажет!

Сұрақтар бойынша байланыс орталығына қоңырау шалыңыз: 1446 (тегін) немесе Қарағанды қаласының әкімдігіне:
+7 700 927 7899, +7 708 775 2031

Қатысқандарыңыз үшін рақмет!