Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

1. Жылжымалы мүліктің (арнайы техниканың) болуы туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз?

Жылжымалы мүлікті (арнайы техника, ауыл шаруашылығы техникасы және жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналар) тіркеу туралы ақпарат алу үшін "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ-не жүгінуге болады.

2. Белгіленбеген жерлерде ауыл/ш малдарын рұқсатсыз жаю үшін қандай жауапкершілік көзделген?


"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 408-бабына сәйкес:
Қалаларда және басқа да елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу-ескерту жасауға немесе 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан сол әрекеттер –он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану ішкі істер органдарының (полиция) құзыретіне жатады.

3. Уақытша тұруға рұқсат қандай мерзімге беріледі?

Әдетте, уақытша тұруға рұқсат ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі.

4. Компанияны аймақтық көмір операторларының тізіміне қалай қосуға болады? Қандай талаптар бар?

Өңірлік операторлар тізіміне енгізу үшін компания құжаттар топтамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге тиіс.
1. Т / ж тұйықты жалдау шарты немесе жер учаскесінің жеке меншік құжаты;
2. Әкімнің атына өтініш;
3. Нысанның фотосуреті;
4. Арнайы техниканың тізімі, тұйық қуаты.

5. Саяжай өнімдерін қайда сатуға болады?

Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысымен қалада 17 көшпелі сауда орны анықталды: Қазыбек би атындағы ауданда 9 орын және Ә ауданында 8 орын.Қарағанды қаласының Бөкейхан саяжай, бау-бақша және жеке қосалқы шаруашылық субъектілері өндірген өнімді өткізу үшін.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан аумағында:
1) Бұқар Жырау даңғылы (№74 үйдің бұрышында);
2) Нұркен Әбдіров даңғылы (№26 үйдің алдында);
3) Құрылысшылар даңғылы, 6 (аллеядағы жол бойында);
4)Гоголь көшесі (№57 үйге қарама-қарсы);
5)Ержанов көшесі (№30 үйдің соңынан);
6) "Степной – 3" шағынауданы (№8 үйдің алдында);
7) Бұқар Жырау даңғылы (№11 үйдің алдында);
8) Федоров су қоймасының ауданы ("Машина жасаушы" саяжай қоғамының аялдамасында);
9) Прогресс көшесі (№29 үйдің соңынан).
2. Қарағанды қаласы Октябрь ауданының аумағында:
1) Көгілдір тоғандар шағынауданы (№17 үйдің алдында);
2)18 шағын аудан (№12 үйдің бұрышында);
3)17 шағын аудан (№41 үйдің бұрышында);
4)15 шағын аудан (№25 үйдің жанында);
5) 23 шағын аудан (№11 үйдің алдында);
6)22 шағын аудан (№19/3 ғимараттың соңынан);
7) Мануилский көшесі (№19 үйдің алдында);
8) "Оптимист-2" саяжай қоғамының аялдамасында.