Бірыңғай сынып сағаты 18.04.2025 «Суды үнемде - болашақты сақта!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты. Тайынша ауданының мектептерінде өтті. Экологиялық мәдениетті және су ресурстарына ұқыпты қатынасты қалыптастыруға бағытталған бұл шараға оқушылар белсене қатысты. Сынып сағатында суды тиімсіз пайдалану мәселелері, су тапшылығының салдары және күнделікті өмірде суды үнемдеу жолдары қарастырылды.
