Наурыз мерекесін атап өтуге орай Тайынша ауданының білім бөлімі аудандық челлендждің басталғанын хабарлайды. 18 наурыз — «Ұлттық киім күні». Осы күні челлендж ауданның барлық мектептеріне жолданады. Барлық білім беру ұйымдарын белсенді қатысуға, шығармашылық танытуға және ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге шақырамыз! Наурыз әр шаңыраққа жылулық, қуаныш пен бірлік әкелсін!
