Бүгін, 28 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында Тайынша қ. №5 орта мектебінде 8–11 сынып оқушыларымен аудандық прокуратура қызметкерінің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы жауапкершілік, наркоманияның зияны және оның құқықтық салдары туралы кең көлемде түсіндірілді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс таңдау жасау мәселелері қозғалды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Кездесу жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және денсаулықты сақтауға бағытталды.