Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Тайынша агробизнес колледжінде «Еңбекші мамандықтар жылы» аясында қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары үшін «Адамның еңбегімен танымал» атты ашық есік күні өтті. Шараға қала мектептерінің директорлары, жергілікті атқарушы органдар, әлеуметтік серіктестер шақырылды. Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Батенова құттықтау сөз сөйледі. Аталған шарада оқушылар заманауи құрал-жабдықтармен және ауыл шаруашылығы техникаларымен таныстырылып, еліміздің ауыл шаруашылығы мамандарына деген қажеттілігі туралы толық ақпарат алды. Ресми салтанатты шара барысында қала мектептері мен колледж арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.