2025 жылы МӘМС-кеқаншатөлейміз?
Қазақстандағы еңтөменгі жалақы (ЕТЖ)мөлшері бұрынғы деңгейде қалғандықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде еңтөменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылыоның мөлшері сол күйінде қалды – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.
Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшінтөлем мөлшері өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.
Тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР орташа айлық жалақысы 364 295 теңгеніқұрады.
Осылайша, 2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады:
МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылытөлеугеболады.
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша
филиалы