«БАЙЗАҚ СПОРТЫ-2025»

«БАЙЗАҚ СПОРТЫ-2025»

«БАЙЗАҚ СПОРТЫ-2025»
Жеңіл атлетикадан жарыс өтті

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Саламатты өмір салты, дене шынықтыру мен спортты дамыту «Қазақстан – 2030» Стратегиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Байзақ ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен “Байзақ спорты-2025” аудандық спартакиадасы өз жалғасын табуда. Спартакиада ережесімен бекітілген кесте бойынша №7 орта мектепте жеңіл атлетикадан (эстафета, қашықтыққа жүгіру) жарыс өткізілді.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындарға ие болған спортшылар жекелей және командалық есепте Диплом, медальдармен марапатталды.