БЕКІТЕМІН
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы
_____________ Е.Жүнісбай
«____»____________ 2026 жыл
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі
Қазылар алқасының құрамын Басқарма анықтайды.
Қазылар алқасының құрамына бес адамнан тұратын филолог ғалымдар, заңгер, ғалымдар, мамандар, қоғам қайраткерлері кіреді.
10.Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
11.Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдері, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
1) Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:
1) тауар өндіруші:
- өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;
- ғимаратта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткішінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекі ақпараттың фотосуреттерін;
2) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып рәсімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы қажет.
- 1 тамызға дейін Басқармаға тапсырылуы қажет;
-ұсынылған жұмыстар санына (20 жұмыстан артық емес) және сапасына қарай облыстық іріктеу кезеңінен өтіп 2026 жылғы 28 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
1) Байқауға қатысқан квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субьектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар арасынан жеңімпаздарды анықтауы;
2) Жоғары тұрған органға жеңімпаз туралы мәліметті 14-тармақта көрсетілген мерзімде ұсынуы;
3) Байқау жеңімпаздары туралы мәліметтерді (қатысушының жеке куәлігі, жұмыс орнынан анықтама) және олардың жұмысын Басқармаға 2026 жылғы 30 маусымға сағат 24.00- ге дейін ұсынуы қажет.
Байланыс телефондары: 8 (72-62) 43-89-18, +77064146193