
Байзақ аудандық орталық кітапханасында Жамбыл Жабаевтың туылғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы дала ақыны» атты поэзия кеші өтті. Кешке аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Байзақ жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Іс-шара барысында жыраудың шығармашылығы туралы айтылды. Кітапхана оқырмандары Көбей Назерке, Боранбек Батырхан және кітапханашылар Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін оқыды. Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әншісі Көпешов Марлен әндерін орындады. Кеш соңында "Жамбыл Жабаев - халық поэзиясының биік шыңы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.