
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМҒА СЕРПІН
Бүгін №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституция жобасын талқылауға арналған ұжымдық жиын өтті.
Еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын Ата Заң жобасы – құқықтық мемлекет құру жолындағы батыл қадам.
Кездесу барысында реформаның негізгі бағыттары мен қоғам үшін маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері халықаралық озық тәжірибеге сай күшейтілетіні айтылды.
Ақпараттық медиа орталығы