Ата Заң — балалар болашағының кепілі

Ата Заң — балалар болашағының кепілі

Ата Заң — балалар болашағының кепілі

Бүгін Теремок бөбекжай-бақшасында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституция жобасын талқылауға арналған ұжымдық жиын өтті. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері ел болашағын айқындайтын құжаттың мән-маңызын саралап, өзара пікір алмасты.
Кездесу барысында Конституцияның жай ғана құқықтық құжат емес, жалпы қоғам дамуының негізгі темірқазығы екеніне баса назар аударылды. Ұжым мүшелері Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің әрбір азаматтың, соның ішінде өскелең ұрпақтың өміріне тигізер әсерін талқылады. Тәрбиешілер қауымы үшін заң үстемдігі мен тұрақтылық — балалардың жарқын болашағының кепілі.
Жиын еркін форматтағы екіжақты диалог түрінде өрбіді. Балабақша ұжымы жаңа реформаларға қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды.
Кездесу соңында қатысушылар Конституция жобасына қолдау білдіріп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын нақтылады. Олардың айтуынша, мұндай маңызды тарихи кезеңде әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды.
«Біз тек бала тәрбиелеп қана қоймаймыз, біз сол балалар өмір сүретін құқықтық мемлекеттің іргетасын бірге қалаймыз. Сондықтан Ата Заңдағы өзгерістерді қолдау — біздің ортақ парызымыз», – деді жиынға қатысушылар.