Құрметті ата‑аналар мен жасөспірімдер!
Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтарға жеке куәлік 16 жастан бастап рәсімделеді. Жамбыл облысында биыл 9 319 жасөспірім бұл мерейтойлық жасқа жетсе, олардың 765‑і — Байзақ ауданының тұрғындары.
Осыған орай, 30–31 мамыр күндері Байзақ аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) «Балаларды қорғау күніне» арналған шара өтеді. Іс‑шара барысында 16 жасқа толған өрендерге алғашқы жеке куәліктері мен паспорттары салтанатты түрде табыс етіледі.
Барлық ата‑аналар мен жас мереке иелерін құттықтай отырып, құжаттарын дайындап, көрсетілген мерзімде ХҚКО‑ға келулерін сұраймыз.