2025 жылы Байзақ ауданындағы әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, бюджеттен 3,7 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаражатқа аудан аумағынан жалпы 220 пәтер (13 200 ш.м) сатып алу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда, жеке кәсіпкерлерден барлығы: 100 пәтер (6000 ш.м) сатып алынды. Қалған 120 пәтердің (7200 ш.м) құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға қабылданатын болады.