ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ МЕРЕКЕСІ

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ МЕРЕКЕСІ

ҰЛТТЫҚ БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ МЕРЕКЕСІ

Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Алдымен сахна төріне мемлекеттік Ту шығарылып, мемлекеттік Гимн орындалды.
Жиында ауданы әкімі сөз алып, аудан тұрғындарын ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтап, өзінің ақжарма тілегін білдірді.
Өз сөзінде аудан басшысы Тәуелсіздік алуға жол ашқан егемен еліміздің декларациясының қабылданғанына 35 жыл толғандығын, осы Декларацияның негізінде 1991 жылдың 16 желтоқсанында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң қабылданғандығын айтты. Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне басымдық бере отырып, айтулы мерекені ауданымыз толымды табыстармен қарсы алып отырғандығын атап өтті.
Бұдан соң аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың төрағасы салтанатты жағдайда бірқатар азаматтарды ауданның өркендеп, дамуына сіңірген еңбектері үшін марапаттап, құрмет көрсетті.
Мерекеге орай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, Байзақ ауданы әкімінің «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» белгісі, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты және Байзақ аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды.  Мерекелік кеш соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Ақпараттық медиа орталығы.