Алқабилер соты - әділдікке апаратын жол!

Алқабилер соты - әділдікке апаратын жол!
Алқабилер соты - қылмыстық істерді қарау кезінде қарапайым азаматтар қатысатын сот жүйесі. 
Бұл институт көптеген елдерде әділ сот төрелігін қамтамасыз ету тәсілі ретінде қолданылады. 
Алқабилер сотының негізгі мақсаты – сот төрелігінің әділдігін нығайту, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру және сот процесінің бейтараптығын қамтамасыз ету. 
Алқабилер сотталушының кінәсі немесе кінәсіздігі туралы мәселені ғана шешеді, ал жаза тағайындау судьяның құзыретінде қалады. 
Мұндай сот бір судья мен он алқабиден тұрады және шешім қабылдау үшін олардың көпшілігінің пікірі ескеріледі. 
Алқаби 25 жастан асқан, соттылығы немесе психикалық ауруы жоқ Қазақстан Республикасының азаматы бола алады. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер алқабиге кандидаттар бола алмайды.   
Алқабилер соты - сот төрелігінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ететін демократиялық қоғамның маңызды институттарының бірі. 
Дегенмен, оның тиімділігі алқабилердің жауапкершілігіне, заңның сақталуына және қоғамның құқықтық мәдениетінің деңгейіне байланысты.
 
Байзақ ауданының прокуратурасы.