Байзақ ауданында жалпы республикалық кең ауқымды «Халық заңгері» акциясы өтеді.

Байзақ ауданында жалпы республикалық кең ауқымды «Халық заңгері» акциясы өтеді.

БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!

Байзақ ауданында жалпы республикалық кең ауқымды «Халық заңгері» акциясы өтеді.

2025 жылғы 30 мамыр күні, сағат 17.00-де, Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпы республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.

Акция аясында, Байзақ ауданы әкімі аппараты, заңгерлер, адвокаттар мен сарапшылар халыққа тегін түрде заң көмегін көрсетеді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері азаматтарды қабылдайды. Кез-келген азамат қажетті заңгер кеңесін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерінен өзін толғандыратын мәселелер бойынша түсіндірме кеңестер ала алады.

Келіңіздер, құқықтық көмек алам деуші жандардың барлығын күтеміз!

Мекен жайы: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, №313/д, "Халыққа арналған цифрлық кеңсе" ғимараты.