Өмірдің айнасына айналған, сахналық қойылыммен елді тамсандыратын өнердің берері мол. Сахна – қоғамды эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің жанды құралы.
Бүгін А. Суханбаев атындағы демалыс саябағында «Ауыл кеші көңілді» мәдениет және өнер фестивалінің ашылуына арналған әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің клуб меңгерушілерінен құралған «Байзақ Super Stars» тобының Гротеск стилиндегі қойылымы көрермен назарына ұсынылды.
Шара барысында “Ұлы жеңістің 80 жылдығы” атты рухты қойылымында сол жылдардағы оқиғалар әнге арқау болды. Бұдан әрі, кеш қонақтары «АRT МІХ» барабан шоу, «НОМАД», «АLEM БЕНД» топтары өнер көрсетіп, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, «Super Stars» командасы “АУЫЛ-CLUB” облыстық art-тимбилдинг іс-шарасында бірінші орынды иеленген болатын.
Ақпараттық медиа орталығы.