2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 69 млрд. 929,5 млн. теңге немесе 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,5%. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 35 млрд. 207,2млн. теңге (НКИ – 103,0%), мал шаруашылығы – 34 млрд. 570,2 млн. теңге (НКИ – 110,4%) құрайды.
Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 5 млрд. 567,2 млн. теңгені құрап отыр.
Ағымдағы жылы аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістік жердің көлемі - 56500 гектарды құрайды. Оның 27508 га суармалы, 28 992 га тәлімі.
2024 жылдың өнімі үшін 4-ауыл шаруашылығы есебі бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары жалпы 54441 га алқапқа орналастырылды.
Дақылдар бойынша 9027 га күздік бидай егілген. Сонымен қатар,
12163 га жаздық арпа, 1100 га дәндік жүгері, 40га дәнді бұршақ, 1050 га майлы дақылдар, 3010га қант қызылшасы, 74 га картоп, 3114 га көкөніс, 1356 га бақша және 23507 га мал азықтық дақылдарын орналастырылды. Сүрге қалдырылған жер көлемі 2059 гектарды құрап, бүгінгі күнге бұл жерлерге күздік бидай дақылы егілді.
2024 жылы жалпы аудан бойынша 28510 гектар шөп шабылды. Оның ішінде 5051 гектар шабындық, 22691 гектар көп жылдық шөп, 438гектар бір жылдық шөп және 330 га сүрлемдік жүгері. 23004 гектар көп жылдық шөп алқабы 1 және 2 орым толық, 3 орым 19902 гектар және 4897 гектар шабындық шабылып, 375018 тонна пішен, 20000 тонна пішендеме, 58300 тонна сабан және 13104 тонна сүрлем дайындалды. Мал азығын дайындауда 38 шөп шабатын техника және 45 шөп тайлағыш техника жұмыс жасады.
2024-2025 жылдардағы мал қыстауы кезеңіне мал азықтық қорын жинау бойынша бірқатар жұмыстар атқырылды. 2024 жылдың өніміне 9027 гектар күздік бидай және 12163 гектар жаздық арпа, барлығы 20755 гектар масақты дәнді дақылдар егілген. Аудан бойынша шаруашылықтар егін орағын 24 маусым күні бастады. Егін орағы 15тамыз күні барлық 17 ауылдық округте 20755 гектар толығымен орылып, масақты дәнді дақылдардан жалпы 39124 тонна өнім алынды. Әр гектардан орташа өнімділік 18,5 центнерді құрады. Егін орағын жүргізуге ауданнан 36 астық комбайны қатысты. Сондай-ақ, сырттан 8 астық комбайн жегілді. Жалпы егіс алқаптарда 44 астық комбайны жұмыс жасады.
Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы жалпы құны 1 млрд. 624 млн. теңгені құрайтын 16 жоба жоспарланып, бүгінгі күнге жалпы сомасы 614 млн. теңге құрайтын 13 жоба іске асырылып, 35 адам жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы саласына 13 ауылдық округ тарапынан 2 млрд. 835 млн.теңге құрайтын 24 инвестициялық жоба іске асырылу жоспарлануда.
Болат Сағынбеков, аудан әкімінің орынбасары.