КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ Өткен жылғы ақпан айында өткізілген Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамыту – бұл мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі екеніне тоқталған болатын. Сонымен қатар, көлік, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтті. Негізгі міндеттер қатарында логистика мен көлік коммуникацияларын жақсарту мақсаты екендігі баршамызға белгілі.
Ауданда жалпы - 741,638 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде, 49 шақырым республикалық, 134 шақырым облыстық және 137,538 шақырым аудандық маңызы бар жолдар саналады. 132 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 25 жолдың 98%, елді мекен ішіндегі 421,1 шақырымды құрайтын жолдың 93% қанағаттанарлық деңгейде.
Былтырғы жылы жөнделетін жолдар жоспарына сәйкес, аудандық маңызы бар 37 көшенің жөндеу жұмыстарына 920,1 млн. теңге жұмсалып, «Сарыкемер-Мырзатай» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысына 394,1 млн. теңге қаражат бөлінді.
2024 жылға аудандық жол құрылыс саласына 1 млрд. 314,2 млн. теңге бөлінген. Яғни, республикалық бюджеттен 828,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен 394,1 млн. теңге және аудандық бюджеттен 92,0 млн. теңге бөлініп отыр.
«Ауыл - ел бесігі» жобасымен 40 жоба немесе 35,9 шақырымды құрайтын (Жетібай ауылы - 5 көше, Үлгілі ауылы - 3 көше, Түймекент ауылы - 1 көше, Кеңес ауылы - 13 көше, Байзақ ауылы - 5 көше, Базарбай ауылы - 2 көше, Мәдімар ауылы - 6 көше) толығымен асфальт бетон төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл, ауылдық округтерде бірқатар көшелер асфальтталып, жарық орнатылды. Барлығы 434 көшенің 338-і асфальтталып, 294 көше жарықтандырылған.
Ағымдағы жылы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымды жөндеу мен күтіп - ұстау жұмыстары атқарылатын болады.

Дулат Жақыпбеков, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары.