Әкімдікте аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Оның күн тәртібіне Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы және вегетациялық кезеңінің өту барысы туралы мәселелер шығарылды.
Кеңесте аудандық статистика басқармасының басшысы пилоттық санақтың қорытындылары, өту кезеңдері, 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағын жүргізу үшін санақ қызметкерлерінің деректері, интервьюерлер қызметінің барысы, sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама өту туралы баяндай келе, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Ал, «ҚазСушар» РМК Жамбыл филиалының Байзақ өндірістік бөлімшесінің басшысы өз сөзінде «Еуропа даму және қайта құру» банкі қаражатының есебінен салынып жатқан каналдар, «Ислам даму банкі» есебінен сұратылған қарыз аясындағы жобалау-сметалық құжаттамалар сапасына жүргізілген зерделеу қорытындылары, ауданның суармалы жерлерін тиімді пайдалану, дақылдардың болжамды орналасуы мен қажетті су көлемі, шаруашылықтармен жасалған келісім шарттар туралы баян етті.
Аудан басшысы статистика басқармасы басшысының ұсыныстарын назарға алып, санақ деректері тиімді мемлекеттік саясат құру, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қажет екеніне басымдық берді. «ҚазСушар» РМК Жамбыл филиалының Байзақ өндірістік бөлімшесіне келісім шарт негізінде шаруашылықтарды ағын сумен қамту, шалғай ауылдардағы су қоймаларын толтыру, су беру кезектілігін реттеу, тәртіпті жүйеге келтіру, ақпараттандыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Соңынан тазалық жұмыстарына жасалған зерделеу нәтижесін қарап, осы бағытта апта сайын сенбіліктер ұйымдастыру, ауылдың тазалығына аса мән беру керектігін ескертті. Барлық мәселелерге қатысты хаттамалық тапсырмалар беріп, орындалуын өз бақылауына алды.
Ақпараттық медиа орталығы.