Әке деген ұлы есім...

Әке деген ұлы есім...

Әке деген ұлы есім... Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.
Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. Бүгін №7 орта мектебінде "Ғажайып әлем" лагерінде "15 маусым — әкелер күніне" орай топтар арасында "Әке тұлғасы" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: сурет салу арқылы балалардың әкеге деген құрметі мен шексіз алғысын білдіру. Байқау нәтижесі бойынша "Ғарышкерлер" тобы 1-орын, "Табиғат" тобы 2-орын, "Алдар көсе" тобы 3-орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.