Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭО материалдары) келіп түсті:
1.«Дамыту және құрылыс схемасы (кіші елді мекеннің жалпы жоспардың қарапайым нұсқасы)» жобасы бойынша түсіндірме жазбалар: Бике ауылы, Бексеит ауылы, Қызыләскер ауылы үшін;
2.Графикалық материалдар: «Жерді қазіргі заманғы пайдалану жоспары (негізгі жоспар)» схемасы, «Жалпы жоспар (негізгі сызба)» схемасы;
3.«Дамыту және құрылыс схемасы (кіші елді мекеннің жалпы жоспардың қарапайым нұсқасы)» жобасы бойынша қоршаған ортаға ықтимал әсерді скринингтен өткізу туралы есептер: Бике ауылы, Бексеит ауылы, Қызыләскер ауылы үшін.
СЭО материалдарын әзірлеуші: «KazGeoSaulet» ЖШС.
СЭО материалдарының тапсырыс берушісі: Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
СЭО әзірлеуге жауапты: Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
СЭО материалдары бойынша қорытынды беру құзыретті органы: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қоғамды (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2024–2039 жылдар.
Құзыретті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 9 мамырдан 23 мамырға дейін (соңғы қабылдау күні – 2025 жылғы 23 мамыр).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83
Электрондық пошта: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық пошта арқылы жолдауға болады: k.kense@ecogeo.gov.kz
Құжаттарыңыздың қабылданғанын міндетті түрде тексеріңіз: +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы.
СЭО материалдары орналастырылған орындар:
1.Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми веб-сайты (Қызмет – Негізгі құжаттар – Стратегиялық экологиялық бағалау бөлімі)
2.Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі веб-сайты.