СҚО бойынша ДРЕМ сумен жабдықтау тарифін бекіту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауға шақырады

СҚО бойынша ДРЕМ сумен жабдықтау тарифін бекіту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауға шақырады

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің СҚО бойынша департаменті тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды "Мамлютское1" ЖШС және "MINKESER"ЖШС тарату желілері бойынша су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметалар жобаларын талқылау жөніндегі жария тыңдауға шақырады.

Жария тыңдау тарифтерді бекітуге немесе өзгертуге өтінімдерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады.

Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірлерін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған.

Қоғамдық тыңдау 2026 жылғы 14 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Парковая к-сі, 57 "В", 335-кабинет мекен-жайы бойынша өтеді:

"Мамлютское1" ЖШС сағат 15:00-де;

"MINKESER" ЖШС сағат 15:30-да.

Сондай-ақ, "ZOOM" (идентификатор: 540 130 1900, пароль: 12345) және "Facebook" қосымшалары арқылы қоғамдық тыңдауларға қатысу мүмкіндігі бар (https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343)

Уәкілетті органның байланыс телефоны 8 7152-53-42-31

https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/region-news/details/28658?lahg=ru