Ауданымызда тұрғындарды толғандырған жолаушылар тасымалына қатысты мәселелер оң шешімін тауып, аудан көлемінде 11 әлеуметтік маңызы бар бағыттар жергілікті бюджеттен субсидияланып, қоғамдық көліктермен қамтамасыз етілген болатын. Әйтсе де, жолаушыларға қызмет көрсетуші мердігер мекеменің көліктерінің ескілігінен мәселе туындап, аудан әкімі Азат Оралбаев көліктердің сапасыздығын сынға алып, сала жауаптыларына кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырған.