
Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен достықтың, ынтымақтың елі. Мемлекетімізде мұраты мен тілегі бір қаншама ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті ғұмыр кешуде.
Еліміздегі татулық пен өзара түсіністіктің символына айналған «1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні» - мерекесі бүгінде түрлі этнос өкілдерінің ынтымағы жарасым тапқан біздің Ордабасы ауданының мәдениет сарайында кең көлемде аталып өтті.