
Сонымен қатар, Қараспан, Бадам және Бөржар ауылдарының маңындағы марокко шегірткесіне қарсы жүргізіліп жатқан химиялық өңдеу жұмыстарымен де таныстық. Бұл зиянкес жыл сайын ауыл шаруашылығы алқаптарына айтарлықтай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Осыған байланысты мамандандырылған техникалар мен қажетті препараттар жұмылдырылып, алдын алу шаралары қарқынды түрде жүргізілуде. Арнайы мамандармен кездесіп, өңдеу аумағының көлемі, пайдаланылып жатқан құрал-жабдықтар мен химиялық заттардың қауіпсіздігі бойынша нақты мәліметтер алдық. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – егін шаруашылығына келер зиянның алдын алу және биылғы егіс маусымын жоғары деңгейде өткізу.