
Осындай мазмұнды кездесулер тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді ортаға салып, бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанның әр аймағындағы мәслихат өкілдері бүгінгі жиын аясында жаңа идеялармен бөлісіп, өңірлік саясатты жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуде. Бұл өз кезегінде жергілікті билік пен орталық биліктің өзара байланысын нығайтып, халық игілігі үшін тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ететін маңызды қадам.