
Кездесуге Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков және депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының халықпен кездесуінде
тұрғындар тарапынан аудан аумағындағы жол мәселесі, көше жарығы, ауыз су және ағын су жүйелері, табиғи газбен қамтамасыз ету, балалар ойын алаңшаларын салу, инфрақұрылымды дамыту, каналдарды тазалау, тік дренаждарды қалпына келтіру, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және реттеу сияқты маңызды мәселелер көтерілді. Әрбір ауылдық округтен келген тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.