Қажымұқан ауыл округі тұрғындарымен кездесу өтті

Қажымұқан ауыл округі тұрғындарымен кездесу өтті
Қажымұқан ауыл округі тұрғындарымен кездесу өтті
✔️Аудан көлемінде халықпен тығыз байланыс орнату мақсатында бекітілген кестеге сәйкес кездесулер өткізілді. Соның бірі – Қажымұқан ауыл округінде өткен жиын болды. Аталған кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков пен осы округтен сайланған депутаттар Бейсенбай Сатыбалдиев, Серғазы Ақмұратов, Есенғали Бөлебай, Ғазиз Ерімбетов қатысып, ауыл тұрғындары алдында 2024 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
🔹Кездесу барысында депутаттар жыл бойы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-шаралар, қолға алынған бастамалар, шешілген мәселелер мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, тұрғындар өздерін толғандырып жүрген көкейкесті мәселелерді көтеріп, депутаттарға сұрақтарын қойды.⤵️
Ауыл халқын негізінен жолдардың сапасы, көше жарығының жетіспеушілігі, малға жайылым жердің тапшылығы, балаларға арналған ойын алаңдарының жоқтығы секілді мәселелер толғандыратыны байқалды. Көпшілік тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі ауылдың инфрақұрылымын дамытуға қатысты болды.
Депутаттар тұрғындардың әрбір сұрағына мұқият назар аударып, мүмкіндігінше нақты жауаптар берді. Жиында көтерілген мәселелердің кейбірі кезең-кезеңімен шешімін тауып жатқаны айтылса, енді бірқатары алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдардың қарауына ұсынылатыны хабарланды.
Халық қалаулылары өз кезегінде көтерілген түйткілдерді назардан тыс қалдырмай, оларды шешу жолдарын қарастырып, тиісті орындарға депутаттық сауал жолдайтындарын жеткізді.
🖋️Мәслихат аппаратының баспасөз қызметі