Халықпен кездесу Жеңіс ауыл округінде өтті

Халықпен кездесу Жеңіс ауыл округінде өтті
Халықпен кездесу Жеңіс ауыл округінде өтті
✔️14 наурыз күні аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков пен Бөген ауыл округінен сайланған депутат Әбілда Алибеков Жеңіс ауыл округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар ауылдағы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тік дренаждарды тазалау, жер асты суларының көтерілуі салдарынан жердің сорлану көлемінің артуы, ағын су мәселесі, ескі ағаш бағаналарды ауыстыру, салбыраған электр желілерін ретке келтіру және көше жарығын орнату қажеттілігі талқыланды.
🏛️Депутаттар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, бұл мәселелерді шешу үшін атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істейтіндерін жеткізді.
🖋️Мәслихат аппаратының баспасөз қызметі