Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес, мәслихат хатшысы Б.Джумабекотың 10.06.2024 жылғы №15 өкімімен алдағы болатын кезекті сессияда " Аудандық экономика және қаржы бөлімінің есебі" туралы мәселені сессияда қарауға әзірлеу мақсатында төмендегі құрамда уақытша депутаттық комиссия құрылды,
Ғ.Ерімбетов - аудандық мәлихат депутаты, комиссия төрағасы,
А.Бердімұрат - аудандық мәлихат депутаты, комиссия мүшесі,
А.Құрымбек - аудандық мәлихат депутаты, комиссия мүшесі,
Е.Сейдуалиев - аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі.
Алдағы болатын кезекті сессияда Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2023 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстары туралы бөлім басшысы Алтынай Әуезханқызының баяндамасын уақытша депутаттық комиссия мүшелері тыңдады.
Өз кезегінде комиссия төрағасы Ғ.Ерімбетов комиссия мүшесі А.Бердімұрат бөлім басшысына сұрақтар қойып, жауаптарын алды.
Комиссия мүшелері аудандық экономика және қаржы бөлімінің атқарған жұмысына жақсы деген баға берді.