Ордабасы ауданы, Қараспан, Бөржар ауылдық округтеріне қарасты Батыр ата, Бірлік және Жамбыл ауылдары табиғи газға қосылды. Ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы ретінде арнайы қатысып, ауыл жұртшылығын көгілдір отынның берілуімен құттықтадым.