Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы және N6 Сайлау округінің депутаты ретінде Қараспан ауыл округіне қарасты Сарыарық ауылының тұрғындарының алдында есебімді бердім.

Ауыл тұрғындарына бір жылда атқарылған жұмыстарымды баяндап, содан соң ауыл тұрғындарының ұсыныс, өтініштерін тыңдадым.
⚜️ Сарыарық ауылындағы өзекті мәселелер төмендегідей.
Бірінші мәселе ауыл тұрғындарының көпшілігі диқаншылық жасап күн көріп отырғандықтан, жаздың күні егілген егіске су таппай көктемнен бастап бейнет қылып еккен егістікке су жетпей шығынға батып отырғандығы айтылды.
Одан кейін ауылға ағын су әкелу мақсатында істелген (латок) арық төменде орнатылып кеткендігін және оны жоғары көтермесе ауылға су шықпайтынын тұрғындар айтты.
Екінші мәселе ауылға спорт зал салу туралы ұсынысын айтылды. Оқушы балалар алыс жерге бармай ауылда шынықса деп өтініштерін білдірді.
Үшінші мәселе газ ауылға қашан келетінін сұрады, өйткені жанында тұрған Ақжол, Мақташы ауылдарына газдың құбырлары тартылып тек ортада Сарыарық ауылы қалып кеткен екен.
🏫Осы жоғарыда айтылған өтініш, ұсыныстарды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Искаковқа, аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Алтынбековке, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Асанбаевқа, ауыл округі әкімі Н.Умаровқа депутаттық сауал жолданатынын тұрғындарға жеткіздім.