ҚАЖЫМҰҚАН РУХЫ ҰЛЫҚТАЛҒАН АЙТУЛЫ ДОДА

ҚАЖЫМҰҚАН РУХЫ ҰЛЫҚТАЛҒАН АЙТУЛЫ ДОДА
ҚАЖЫМҰҚАН РУХЫ ҰЛЫҚТАЛҒАН АЙТУЛЫ ДОДА
Қазақтың баһадүр ұлы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына арналған республикалық қазақ күресі турнирінің ашылу салтанатына қатысып, жарысқа жиналған балуандарға ақжарма тілегімді білдірдім.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы – тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының мақтанышы. Оның есімі – қайсарлықтың, төзімділіктің, елге деген адал қызметтің символы. Сондықтан да ұлы тұлғаның рухына тағзым ету – кейінгі ұрпақтың парызы.
Өз сөзімде ұлттық спортты дамыту – ұлт рухын көтерудің маңызды тетігі екенін атап өттім. Қазақ күресі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрасы, батырлық пен намыстың мектебі. Бүгінгі балуандар Қажымұқан салған сара жолды жалғап, ел абыройын асқақтататын азаматтар болып қалыптасарына сенім білдірдім.
Барша қатысушыларға әділ белдесу, биік жетістік пен жеңіс тұғырынан көрінуді тілеп, республикалық турнирдің жоғары деңгейде өтуіне тілектестігімді жеткіздім.
Осындай тағылымды жарыстар арқылы ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, ұлы тұлғалардың өнегелі өмірі жас ұрпақтың санасында жаңғыра беретіні анық. Қажымұқан рухы асқақтап, қазақ күресінің мерейі үстем болсын!