ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара ауданымыздағы “Мирас” салтанат сарайында жоғары деңгейде аталып өтті.
Тағылымы мол мерекелік жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Раимбеков, зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.
Аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады. Өз сөзінде ел тәуелсіздігі мен бейбітшіліктің қадірін атап өтіп, ардагерлердің ерлігі мен өнегелі жолы әрдайым ұрпақ жадында сақталатынын жеткізді. Сонымен қатар қоғам өміріне белсене араласып жүрген бірқатар азаматтарды аудандық мәслихаттың грамотасымен марапаттады.
Мерекелік кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, сахналық қойылымдар қойылды. Жеңіс рухын асқақтататын патриоттық әндер орындалып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Ұлы Жеңіс – батыр бабаларымыздың қайсарлығы мен елге деген шексіз сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі. Ардагерлеріміздің ерлігі – кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі.
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 🇰🇿