БІЛІМ ОРДАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БІЛІМ ОРДАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
БІЛІМ ОРДАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2026 жылғы 24 сәуір күні Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Мақташы елді мекеніндегі З.Исабеков атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш партия мүшелері және ауыл тұрғындарымен кезекті кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы, сондай-ақ «AMANAT» партиясынан сайланған депутат ретінде сайлауалды кезеңде халыққа берілген уәделердің орындалу барысы туралы жан-жақты есеп берілді.
Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары Жәкей Бостандық Бөпешбайұлы мен Бекбосын Бақытжан Балтабайұлы, сондай-ақ Қараспан ауыл округінің әкімі Асхат Өскенбайұлы қатысып, тұрғындармен бірге өзекті мәселелерді талқылауға белсенді атсалысты.
Есеп беру барысында аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жобалар, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары, елді мекеннің ішкі көшелерін асфальттау, ауыз су жүйелерін жаңғырту, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған өзге де маңызды бастамалар кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен нақты міндеттер таныстырылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әрбір көтерілген мәселе назарға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.
Халық тарапынан көрсетілген сенім мен қолдау – алдағы жұмыстарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Негізгі мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болып қала береді.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
@актуальное