МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2026 жылғы 22 сәуірде Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ақжол ауылындағы Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінде тұрғындар және ұстаздар қауымымен кездесу өткізілді. Жиында Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясынан сайланған депутат ретінде сайлауалды міндеттемелердің орындалу барысы бойынша қысқаша есеп ұсынылды.
Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері мен Қараспан ауыл округінің әкімі қатысып, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты.
Баяндамалар барысында аудан көлемінде іске асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жобалар, инфрақұрылымды дамыту, газдандыру, жол және ауыз су жүйелерін жаңғырту, ағын су бағытындағы жұмыстар қамтылды. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынды. Алға қойылған негізгі міндет – халықтың тұрмыс сапасын арттыру және ауылдық аумақтарды жүйелі дамыту.