ОРДАБАСЫ: ДАҢҚТЫ БАЛУАН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ТУРНИР ӨТТІ

ОРДАБАСЫ: ДАҢҚТЫ БАЛУАН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ТУРНИР ӨТТІ
ОРДАБАСЫ: ДАҢҚТЫ БАЛУАН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ТУРНИР ӨТТІ
🔱Бүгін ауданымызда қазақ халқының даңқты перзенті, алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
🔱Ауқымды спорттық шараға аудан тұрғындары, спорт жанашырлары, ардагерлер мен жас балуандар қатысып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты.
🔱Аудан әкімі Азат Оралбаев турнирге арнайы барып қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир барысында мәслихат депутаты Бақдәулет Жұмабеков, Қажымұқанның немересі Нұрлан Қажымұқан және спорт саласының ардагері Байқожаев Қуат сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап, ұлттық спортты дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
🔱Турнирде боз кілемге шыққан жасөспірімдер өзара мықтыларды анықтап, тартысты белдесулер көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жарысқа қатысушылардың дайындық деңгейі жоғары екені байқалып, көптеген талантты балуандар көзге түсті.