ОРДАБАСЫДА МАҢЫЗДЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ: АРЫСТАНДЫ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

ОРДАБАСЫДА МАҢЫЗДЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ: АРЫСТАНДЫ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
ОРДАБАСЫДА МАҢЫЗДЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ: АРЫСТАНДЫ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Бүгін Ордабасы ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып, Төрткөл ауыл округіне қарасты Арыстанды елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етілді.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, тұрғындарды осы маңызды оқиғамен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы газдандыру – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатынын жеткізді.
Жиын барысында аудандық мәслихат төрағасы ретінде мен де сөз алып, ауыл тұрғындарын игі бастаманың жүзеге асуымен құттықтадым. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей ақжарма тілегін білдіріп, мұндай жобалар мемлекет қолдауы мен ел бірлігінің нақты нәтижесі екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, ел тыныштығы мен берекесін тіледі. Бұл – бірлік пен сабақтастықтың жарқын көрінісі болды.
Аталған жоба аясында Арыстанды ауылындағы 102 абонент табиғи газ игілігін пайдалануға мүмкіндік алды. Бұл тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, өмір сапасын арттыруға зор ықпал ететін маңызды қадам.
Жалпы, бүгінгі таңда Ордабасы ауданында газбен қамтылған елді мекендер саны 44-ке жетіп, газдандыру деңгейі 77,2 пайызды құрап отыр. Алдағы уақытта Ақсары ауылын табиғи газға қосу жоспарланып, нәтижесінде бұл көрсеткішті 79 пайызға жеткізу көзделуде.
Табиғи газбен қамту – халықтың әл-ауқатын арттыруға, өңірдің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
@актуальное