Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХХV сессиясы өтті
Сессияны мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков ашып, жүргізіп отырды.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары Олжас Болатханұлы, Мейрамбек Ақмұратов, аппарат басшысы Жұманәлі Кадиев, ауыл округ әкімдері және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бір мәселе қаралды, атап айтқанда: Ордабасы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №41/1 «2026–2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Аталған мәселе бойынша ауыл округ әкімдері өздеріне қарасты бюджеттердің орындалуы мен жоспарланған өзгерістер жөнінде хабарламалар жасап, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттарды баяндады.
Депутаттар тарапынан ұсынылған мәселе жан-жақты талқыланып, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында нақты ұсыныстар айтылды.
Талқылау қорытындысы бойынша ұсынылған шешім жобасы депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.
Қабылданған шешімнің орындалуы жауапты мекемелерге жүктеліп, оның жүзеге асырылуы мәслихаттың тұрақты бақылауында болады.
Сессия барысында қабылданған шешімдер ауданның тұрақты дамуына және елді мекендердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған.